[:kz]
Елордадағы ғимарат жанында қой сойған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам сол бардың иесі болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical
Күні кеше «Instagram әлеуметтік желісінде белгісіз ер азаматтың рестобардың алдындағы көгалда қой сойғаны жайлы видео пайда болған еді.
Желідегілердің наразылығын тудырған бейнежазбаға қатысы полиция пікір білдірді.
«2018 жылдың 6 тамызында «Есіл» ауданы полиция басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан кодексінің 505 бабы 1 тармағы «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша А. есімді бардың иесі әкімшілік жауапқа тартылды», — деп атап өтті Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.
Осы бап бойынша ережені бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының ортасында қой сойған ер азаматтың әрекетіне тұрғындар қатты таңғалған еді.
[:]