[:kz]
Нұр-Сұлтан қаласының ортасында қой сойған ер азаматтың іс-әрекетіне астаналықтар қатты таңғалған. Қала тұрғындары «қасапшының» төрт түлікті ЭКСПО маңында бауыздап, терісін сыпырып алғанын түсіне алмауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Видеодан кадр Видеодан кадр](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/b137e1cf7c2da4a8.jpg)
Видеодан кадр
Қойды сойған ер азаматтың әрекетін тұрғындарме мен желі қолданушылары наразылығын білдірді.
«Астана, Экспо ауданы. Жай ғана жануарды бауыздап, оның терісін сыпырып алды. Жан-жағынан көліктер өтуде, адамдар жүр, соның ішінде балалар да бар», — деді Facebook желісінде Анастасия Трифонова.
Әлеуметтік желіде пайда болған видеоның астына желі оқырмандары жағымсыз пікірлерін қалдырған.
«Ер азамат елорда атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеру құрметіне қой сойып, терісін сыпырып алды», — деп жазды Instagram желісіндегі astana_typical тобы.
«Қандай жағымсыз», «Бұл ауыл емес?!», «Біз әлі жабайы халық екенбіз», «Еуропадағыдай өмір сүргіміз келеді, Еуропада мұндай іс-әрекет үшін 5 жылға сотталады» деп астаналалықтар шағымдарын жеткізді
[:]