АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрлан Еспанов: Негізі «шегіртке» деген жақсы мағына, исламда рөлі ерекше[:]

[:kz]

Әншілер — шегірткелер, алаяқтар. Соңғы кезде қоғамда әншілер туралы пікір екігі бөлінді. Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила бастаған бір топ әншілерді жеңіл ақша табуды кәсіпке айналдырды деп сөксе, бірі оларды жақтап жатады. Ал, Нұрлан Еспанов «шегіртке» сөзінің керісінше жақсы мағаны білдіретінін айтты. 

Бұл туралы Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатта айтылды.  

 

Нұрлан Еспанов әншілердің оңай жолмен ақша таппайтынын айта келе, бәрі бірдей жалған ұтыс ойнатпайды дегенді айтты. Ал, Айгүл Иманбаева мен әнші Бүркіттің жариялаған конкурсы да жалған емес дейді.

«Мен әншілердің бәрін шегіртке деп жүрген Ахметбек Нұрсиланың кім екенін өз басым жеке танымайды екенмін. Олардың әншілермен қандай әңгіме болғанын да білмеймін. Сондықтан  нақты ешнәрсе айта алмай тұрмын. Бірақ бір айтарым — шегіртке деген жақсы мағынаны білдіреді. Исламда да оның өзіндік рөлі бар. Мен оны дінтанушы достарымнан сұрадым. Дін маманы секілді айтып отырмай-ақ қояйын, өздеріңіз оқып аларсыздар. Ахметбек Нұрсила, сіз де ғаламтордан шегірткенің рөлі туралы оқып көріңізші алдымен», — деді әнші.

Әнші кәсіпкерді танымаса да онымен жақын күндері жолығып, кездесетін ойы бар екенін ашық айтты. 

«Бұл халық пен әншілердің арасын алшақтату. Әншілерді құбыжық етіп көрсету. Мұны хайп деп қарау керек. Мәселен, Нұрлан Еспанов мынадай нәрсе жасады, әнін жазды, жұмысын бітірді деп жазса, ешкі оқымайды. Ал, Еспанов әлдене бүлдіріпті деп негативті нәрсе жазсаң, бәрі оқиды. Оны бәрі біледі. Журналистер де, басқалар да. Сондықтан адам тартудың жолы деп ойлаймын. Әншілер бұл деңгейге бірден келмейді. Олар еңбектенеді. Ән жазады. Оған ақша құяды. Белгілі бір дәрежеге жеткенде ғана қаламақы сұрайтындай жағдайға келеді», — деді Еспанов. 

[:]