АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Нұрлыжол, Бәйдібекэкспо»: Еліміздегі ерекше есімдер анықталды[:]

[:kz]

 

Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз баланың дүниеге келген уақытына қарай Наурызбай, Боранбай, Жолдыбай деген есімдер берсе, бүгінде сәбиге қойылатын ерекше есімдер мүлдем басқа.

Қазақстандағы ең ерекше есімдер белгілі болды. Олардың қатарында  Саммит, Бәйдібекэкспо сынды дегендер де кездеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз баланың дүниеге келген уақытына қарай Наурызбай, Боранбай, Жолдыбай деген есімдер берсе, бүгінде сәбиге қойылатын ерекше есімдер мүлдем басқа. Мысалы Қазақстанда тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындар уақытында елімізде туған 40 нәресте Азияда есімін иеленген екен. Жеңісті күндердің лебі жанкүйер ата-анаға осыншалықты әсер сыйлаған.
Сондай-ақ, елімізде Саммит есімді 22 ер бала, Саммита атты үш қыз, 15 Саммитхан бар екен. Мемлекеттік маңызы бар оқиғаларды қалт жібермейтін әулеттерде Астана, Нұрлыжол деген есімдер де кездеседі.
Ал Ырсымовтар әулетінде 2017 жылы дүниеге келген баланың есімі — «ЭКСПО-2017 » Халықаралық көрмесінің құрметіне Бәйдібэкспо қойылған. Әкесінің сөзінше, экспоның алдындағы түбірі – бабамыз Бәйдібектей тұлға болсын деген ниетпен осындай есім беріліпті. 
Статистикалық агенттіктің ақпаратына сүйенсек соңғы уақыттардағы ерекше есімдердің тізбегі мынадай: Ромео, Теңіз, Эдельвейс, Ақсақал Арыстанбек, Саммидастана, Эверест. Сонымен қатар, 27 Мәслихат, 21 Мәжіліс, 13 Нұрлыжол, 9 Нұротан, 7 Сенат, 7 Партия атты отандасымыз бар.

[:]