АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды [:]

[:kz]

Тұңғыш президенттің жағдайы туралы ақпарат Елбасы сайтында да пайда болды. «Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш президенті өз-өзін оқшаулап жатыр. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарламада. Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды. 7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді. Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Алайда шенеунікте ауру белгілері байқалмаған. Ал бірнеше күн бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды.

https://kaz.nur.kz/1860991-nrsltan-nazarbaev-koronavirus-zktyrdy.html

[:]