АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Нұртас Адамбай қазақстандық депуттарға ресейлік әріптестерінен үлгі алуға кеңес берді[:]

[:kz]

 

Танымал қазақстандық продюсер Нұртас Адамбай қазақстандық депутаттарға ресейлік әріптестерінен үлгі алып, ЛГБТ насихатына тыйым салуға кеңес берді.

Бұл туралы Instagram желісіндегі Stories-те хабарлады деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

«Ресей👍👍👍 Біздің депуттарға үлгі алу керек»,- деп жазды Нұртас Адамбай. 

Жақында ғана Ресей Мемлекеттік Думасына отбасылық құндылықтарды жоққа шығаруға және ЛГБТ-ны бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және әлеуметтік желілерде насихаттауға тыйым салатын заң жобасы енгізілген болатын.

Түзетулер сонымен қатар кинотеатрларға «отбасылық құндылықтар мен дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды теріске шығаруды насихаттауға мүмкіндік беретін кез-келген кинематографиялық материалдарды» шығаруға тікелей тыйым салуды қамтиды.

[:]