[:kz]
Нью-Йорктегі қазақ полицейі Димаш Ниязов өз туған жеріне ат басын бұрды. Шымкент қаласының тумасы Түркістанға келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан қаласы Полиция басқармасының бастығы Данияр МейірханныңFacebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/lightning_dimi; Facebook/daniyar.meirkhan
13 жасында Америка Құрама Штаттарына қоныс аударған Ниязовтың Түркістанға келгенін қалалық полиция басқармасының бастығы қуана хабарлады.
«Нью-Йорктегі досымыз Жаңа Түркістанға келді! Қош келдің, бауырым!» ,- деп жазды Данияр Мейірхан.
Бұл жаңалықпен Димаштың өзі де Instagram парақшасында бөлісті.
«Шым-ситиге жеттім-ау! Ертең жаңа Түркістанда кездескенше! Қарсы алғаныңызға рахмет, Данияр», — деп жазды ол.
2017 жылы Нью-Йоркте «үздік полицей» атанған қазақ жігітінің елге келгеніне көпшілік те қуануда.
«Қош келдің», «Біздің бауырымыз», «Жарайсыздар», «Рахмет сізге», «Түркістанда күтеміз», «Руың кім?» , «Келуіңмен» деп жазды олар.
Айта кетейік, шетелде тұрып жатқан тағы бір отандасымыз Әсел Байқанова KAZ.NUR.KZ-сұхбат беріп, көпшілік экрандардан ғана көретін танымал түрік актерлерінің өмірде қандай екенін айтып берген еді.
[:]