АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»О-о, тағы да көтерші деп айтқың келеді»: Меруерт Түсіпбаева Кәмшат Жолдыбаеваның биін сынады[:]

[:kz]

Танымал қазақстандық әншілер Кәмшат Жолдыбаеваның cу жаңа бейнеклипіне қатысты пікір білдірді. Бірі мұны қазақы тәрбиеге жат десе, екіншілері әншінің пластикасының нашар болғанын айтты. Кейінгілердің қатарында Меруерт Түсіпбаева бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.  

«Бізде хореографияны бітірген Әйгерім Қалаубаева деген бір әнші бар. Әйгерім секілді пластика болмаса, ондай істеп қажеті жоқ деп ойлаймын. Кәмшаттың қимылдары біртүрлі. Орыстар мұндайды «угловатый» дейді. Егер кәсіби деңгейдегі балерина болмасаң… (…) Негізі биің де, киімің де сәйкес болуы керек», — дейді жұлдыз. 

Әрі қарай ол Кәмшат Жолдыбаеваның биіндегі кемшіліктерді сынады. Мұндай би қимылдарын тек кәсіби деңгейде меңгерген жандарға ғана істеуге кеңес берді. 

«Кәмшаттың биі «угловатый» болып қалған. Біртүрлі аяғы көтерілмей қалған сияқты. Жетпей қалған сияқты. Тағы-тағы көтерші деп айтқың келеді. Егер орнында Әйгерім Қалаубаева болса, мұндай сын айтылмас па еді деп ойладым», — деді Меруерт Түсіпбаева. 

 

[:]