[:kz]
Күдіктінің айтуынша, ол қыздың денесін көліктің артқы орындығына салып, үйден алып шыққан.
Өгей әке бес жасар қызды өзін тыңдамағаны және әкесі ретінде қабылдамағаны үшін қылқындырып өлтіргені анықталған, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Күдікті бес жасар өгей қызын көміп тастаған жерді өзі көрсетті. Ресми видеоны Ресейдің тергеу комитеті жариялады.
Күдіктінің айтуынша, ол қыздың денесін көліктің артқы орындығына салып, үйден алып шыққан. Ал алдыңғы орындықта ер адамның кіші ұлы отырған.
Балалардың анасы Қытайда тұрып, жұмыс істейді екен, ол күйеуімен ажыраспақшы болып жүрген.
Тергеушілердің мәліметі бойынша ер адам қызын 12 қарашада буындырып өлтірген. Баланың денесін көміп тастағаннан кейін ол туған ұлымен Украинаға қашып кетпекші болады. Бірақ олар шекарадан өте алмаған.
Келесі күні қыздың жоғалғаны жөнінде хабарлаған өгей әкені полиция ұстайды. Қазіргі уақытта ол тұтқындалды, күдікті 14 қаңтарға дейін қамауда отырады.
[:]