АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Ойбай түріктерді мақтадың, — деп өтірік намыстанбай…[:]

[:kz]

Анталияның бизнесін орыстар иеменденіп жатыр.

Қазақстанның бизнесін түріктер мен қытай иеменденіп жатыр.

 

Қазақтар болса анау жаман, мынау жаман деп өздерін қазақтың патриотымыз дейді.

Қазақстанның патриоттары Ресейдің, Қытайдың, Түркияның бизнесіне белсенді кіру керек! Ол үшін сол елдерді жамандамай, бәсекелес болатын жерлерін  зерттеу керек.

Бұл елдердің бизнесіне кіру оңай емес. Ал Қазақстан нарығы олар үшін ашық.

Тепендікті орнату үшін қазақтар Ресейге, Қытайға, Түркияға барып ішінен сол елдің нарығын, басымдықтарын, осал жерлерін мұқият зерттеу керек.

Ойбай түріктерді мақтадың, — деп өтірік намыстанбай, жазғандарымды ақылмен саралап қолданыңыздар!

Айгүл Қоқай

Фейсбуктегі парақшасынан

[:]