АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ойпырмай, біздің әншілердің шынында көкіректеріне нан пісіп кеткен екен ғой…[:]

[:kz]

“Астарлы ақиқат” деген “сұмдық” передача екен ғой. Мен көрмейтін едім. Елдің бәрі айтып жатқан соң, лотерея туралы хабарды түгел көріп шықтым.

Журналист Дина Төлепбергеннің өткір сұрақтарына риза болдым. Нақты, қысқа, нұсқа!

Ойпырмай, біздің әншілер өздерін аспандағы жұлдыз санап, шынында көкіректеріне нан пісіп кеткен екен ғой. Беттен алып, төске шауып..Мәдениет саласының қызметкерлері мәдениетті болмас па еді? Сөздерінен парасат деңгейлерінің дандайсығаннан деградацияға ұшырағанын аңғару қиын емес.

Елдің ықыласы мен ақшасы ғой, оларды солай оңды-солды сөйлетіп отырған..

Ахметбек Нұрсила ағамыздың да “шегірткесі” артықтау, әрине.

Десе де, “апама жездем сай” ғой өздері де..

Жалпы барлық салада халтура қаптағаны өтірік емес. Атағын малданып, шығармашылығымды дәріптеймін деген желеумен, өтпей қалған дисктерін, кітаптарын, көліктері мен пәтерлерін аңқау халыққа алдап, өткізу — алаяқтық емей немене?..Алаяқтықтың бір түрі ол да. Қайдағы қайрымдылық? Қайрымдылықтың “қ” әрпі де жоқ бұл жерде. Бұл жерде таза пайдакүнемдік. Халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп, қалталарын толтыру.

“Жұлдыздардың” ұпайлары түгел. Қай жерде де сорлайтын — халық қой. Халықты ойласа, атағы жер жаратын, жағдайы керемет кей әншілер халықтың несібесіне жармасып, 42 мың алар ма еді???

Шын мұқтаждар сол 42 мыңды ала алмай отыр..

 

Ләззат Кендебайқызы
Фейсбуктегі парақшасынан

Алаш Айнасы 

 

[:]