[:kz]
Тобыр халыққа обыр — бастық Түрікменстанда мақта жинау науқаны басталды. Осыдан бірнеше апта бұрын басталған мақта терімінен қатысты Түрікменстанның үкіметі жиын өткізіп, хокимдерге талап қойды.
Басты мақсат – тезірек күзгі жауынға қалдырмай ақ алтынды жинап алу керек.
Бірақ… Басқа өлкелерге қарағанда, Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың баласы басқаратын өлкеде мақта терімі бірінші бітуі тиіс. Айта кетсек, түрікмен президентінің баласы Сердар Бердімұхамедов Ашхабадқа жақын жердегі Ахал уалаятында хоким болып қызмет істейді.
Түрікменнің Ауыл шаруашылығы министрі Магтымгулы Байрамдурдыев мақта науқанын бітіргеннен кейін астық жинауды жедел бітіру керектігін айтты.
Алайда ең бірінші Президенттің баласы басшылық ететін өңірде мақта тезірек жиналып бітуі тиіс. Сондықтан әр аймақ отбасынан бір адамнан Ахал уалаятының егістік алқабына бір адамнан жіберуі тиіс. Егер аталған уалаятта мақта науқанының мерзімі созылып кетсе, басқа аймақтардан қосымша күш әкелінеді.
Өйткен ол Президенттің баласы ғой, ал оған сөз келмеуі тиіс. Міне Бердімұхамедов басқаратын диктаторлық елде осындай жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Бірақ оған ешкім мән бермейді. Тобыр халықты билеген диктатор қазір Түрікменстанда білгенін істеп отыр.
Шетелде оқып жүрген студенттер елге келген сәтте оларды әуежайдан ұстап алып, бәрін әскерге жіберіп жатыр. Түрікменстанда бір-ақ адамның билігі жүреді. Қалғаны – шолақбелсенділер…Тобыр халыққа обыр — бастық…
«Қамшы» сілтейді
[:]