[:kz]
Танымал әнші әрі актриса Жанар Айжанованың қызы желі оқырмандарын кезекті образдарымен шулатты. Бетін бояуды өнер санайтын Айжұлдыз Адайбекова көпшіліктің ашуына тие бастаған сыңайлы. Көпшілік жас қыздың қылығын ерсі санап, оны қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айжұлдыз Адайбекова өзінің ерекше өнерімен тағы да жұрттың сынына ұшырады.
Бетіне түрлі сурет салатын бойжеткеннің бұл жолғы жұмысы кейбір желі оқырмандарының көңілінен шықпаған секілді.
Қызу талқыға арудың Instagram желісіне жүктеген суреті себеп болған.
Көпшілік Жанар Айжанованың қызын мұндай әрекеті үшін сөгіп, оған қатысты өз ойын ашық түрде білдірген. Кейбірі тіпті жас қыздың бет әрлеу өнерін үлкен күнәға теңеген.
«Бұл үлкен күнә» , «Жамандық шақырма» , «Сен қызды жақсы көріп, сыйлаушы едім. Жасамайтынды жасайды екенсің, қылығыңа ішім ашып отыр» , «Ойына келгенін істейді» , «Алла сақтасын, олай жасауға болмайды» , «Масқара қандай қорқынышты, бұл қылық саған лайықты емес» , » Сурет салатын қағазыңыз жоқ па не? » , — деп жазуда көпшілік.
[:]