АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ОҚО-дағы атышулы Абай ауылында енді атыс болды[:]

[:kz]

 

 

 

 

7 жасар бала зорланды деген Сарыағаш ауданы Абай ауылында енді атыс болды деп жазады Otyrar.kz.Куәгерлердің айтуынша, жергілікті тұрғындар көрші ауылдың тұрғындарымен атысқан көрінеді.

Құзырлы орган өкілдері болған жайтты растап отыр. Атыс салдарынан екі адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Атысқан жігіттердің жасы 25-30 шамасында.

Әзірге расталмаған мәлімет бойынша, күдіктілер ұсталып, қамалған. Атысты ұйымдастыруы мүмкін деген үш адам тергеуге алыныпты.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, полицейлер оқиға орнын күндіз-түні күзетіп жүр екен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен.

sn.kz

[:]