АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Оқушы қыз мұғалімін балағаттап, жанжалдасып қалды[:]

[:kz]

Талдықорғанда мұғалім мен оқушы жанжалдасып жатқан видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл өрескел оқиға №6 орта мектепте орын алған. Видеодағы ғылшын тілі мұғалімі мен сегізінші сынып оқушысы екені анықталды.

Таралған видеода оқушы мұғалімін балағаттап жатқаны анық байқалады.

Алматы облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі:

«Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы шақырылған. Кеңес барысында тараптар татуласты, бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Айта кету керек жайт, ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған», — деді ведомство өкілі.

[:]