АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оқушы торды кесіп, 70 маймылды зообақтан шығарып жіберген[:]

[:kz]

 

Жапонияның Чиба қаласының полициясы хайуанаттар бағындағы қоршаудан 70 маймылды босатты деген күдікпен оқушыны қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

10 маусым күні таңертең Фуцзу қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкері жапон макакалары қамалған қоршауда диаметрі 30 сантиметр болатын тесік тапты. Сым қоршау үшкір затпен кесілген. Нәтижесінде қоршауда болған 70 жануар қашып кетті.

Сәрсенбі, 23 қыркүйек күні полиция 16 жастағы мектеп оқушысын бұзақылық жасады деген күдікпен ұстады. Жасөспірімнің досына тиесілі көлік хайуанаттар бағында орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Тәртіп сақшылары досының оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Қашып кеткен маймылдарды аулау мүмкін болды ма, жоқ па белгісіз.

[:]