АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етті»: Қызылорда облысында 340 млн теңге жымқырған шенеуніктер қамауға алынды[:]

[:kz]

 

Қызылорда облысы Шиелі ауданы білім бөлімінің басшысы мен екі қызметкері қамауға алынды. Білім саласының мамандары 340 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғандары үшін айыпталуда. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хаба рлайды Stan.kz сайты.

Қазір аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы, сектор меңгерушісі мен есепшісі күдікке ілініп отыр. Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаментінің мәліметіне сәйкес, күдіктілер 340 млн теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын қолды еткен. Қамауға алынғандар пандемия уақытын пайдаланып, өздерінің қитұрқы әрекеттерін жүзеге асырған деген болжам бар. 

 

«Күдіктілер былтыр пандемия кезінде, сәуір-қараша айлары аралығында мектеп оқушыларын жазғы лагерьлерге орналастыру, оларды ыстық тамақпен қамтамсыз етілді деген желеумен мемлекет қаражатын жымқырған. Жалпы шығын көлемі 340 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде. Соған байланысты, қосымша ақпарат хабарланбайды», — деп мәлімдеді Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаменті басшысының орынбасары Руслан Ягмусов. 

[:]