АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Оқушылардың төбелесі түнгі қақтығысқа ұласты (видео)[:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде топтасқан жастардың түнгі қақтығысынан бейнежазбалар тарала бастады. Оқиға Алматы облысы Панфилов ауданындағы Пиджим ауылында болып жатқандығы айтылуда, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Күндіз аудандық орталық ауруханаға Педжим аулынан мектеп жасындағы 16 жасар бала дене жарақатымен келіп түскен, деп жазады Instagram желісіндегі angry_taldyk парақшасы.

Қақтығыс мектеп жасындағы екі баланың шекісіп, арты төбелеске ұласқанынан басталған. Мектептің 9 және 10 сынып оқушылары жаппай төбелесіп, араларында бір оқушы жарақаттанған.

Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталды. Қазір дене жарақатын алған баланың жағдайы тұрақты. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауыл тұрғындарымен жергілікті әкім, қариялар, ПД басшысы сөйлесті. Қазір бәрі тынышталды,

— деп мәлімдейді өңірлік ПД баспасөз қызметі.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 106-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

[:]