АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оқушының миы шайқалған: Ата-аналар балаларын аяусыз ұрып-соққан еден жуушының үстінен шағымданды[:]

[:kz]

Ақмола облысы Тоқтамыс ауылында мектеп оқушылары еден жуушыдан оңбай таяқ жегенін айтып шағымданды. Айтуларынша, әйел 9 жастағы екі баланы құлақтан ұстап тұрып күйеуіне ұрғызған. Миы шайқалған оқушы күні кеше ғана ауруханадан шыққан. Бұл жағдайға наразы ата-аналар еден жуушының мектептен қуылуын талап етіп отыр. Ал еден жуушы балаларды ұрмадым деп ақталуда, деп хабарлайды КТК арнасы

Бес бала ойнап жүріп келіспей қалады. Кейін еденші өз баласына араша түсу үшін оқиға болған жерге күйеуін шақырады. Жуан жұдырықты ер адам тоғыз жастағы екі баланы аямаған. Үйіне қансырап барған Радиславқа медициналық көмек қажет болады. Ер адамның соққысынан кейін кеңсірігі сынып, миы шайқалған. Анасы оның он күн ауруханада жатқанына қарамастан әлі де ем керектігін айтады.

«Мынадай түрін көрген кезде есімнен танып құлай жаздадым. Екі күн әрең жүрдім. Ерні қатты ісіп кеткен. Артемнің әкесінің ұрғанын ғана айта алды. Жылап құлап түскеннен кейін аурухана дереу жеткіздік», — дейді Тоқтамыс ауылының тұрғыны  Анастасия Сыворотко. 

Ал еден жуушы Александра Ковтун балаларды келіп құлағынан тартқанда, олардың сытылып қашып кеткенін айтады. Өзіне жала жабылып отыр дейді. 
Қатты шошынған ата-аналар бірігіп тиісті органдарға хат жолдаған. Бұланды аудандық заң бөлімінің өкілі Елена Повстенко өз кезегінде бұл іспен полицияның айналысып жатқанын мәлімдеді. 

stan.kz

[:]