[:kz]
Осыдан бес-алты жыл бұрын шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдызы әйелімен айырылысып кеткеніне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Маханов ел көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, қазіргі күйін баяндады.
«Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов алғаш рет жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі ел арасында өзінің ажырасып кеткеніне қатысты қауесеттерге жауап беріп, қызу талқыға түскен тақырыпқа нүкте қойды, деп жазады Nur.kz, НТК арнасының «Талантым — тағдырым» бағдарламасына сілтеме жасап.
Осыдан бес-алты жыл бұрын шаңырақ көтерген әнші жігіт әйелімен айырылысып кеткеніне байланысты алғаш рет пікір білдірді. Маханов ел көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, қазіргі күйін баяндады.
«Басымнан өткен жағдайларымның барлығы бастан-аяқ толық пісіп болмайынша, мен оны айта алмаймын. Айтқым да келмейді. Бірақ, бір ауыз сөзбен айтайын. Түсінікті болсын деп. Жүрегімнің тілінгені рас. Болды.
Жүрегіңе түскен дақ, адам көзі жұмылмайынша дақ болып тұра береді ғой. Әр адамның жүрегінде дағы бар ғой. Ол кетпейді. Реңдеп, бояуға да келмейді. Бір жеріңізді сырып алсаңыз да ол тыртық болып қалады емес пе? Болды, ол дақ сондай, ешқайда кетпейді», — деп жан сырын ақтарды Мырзахан Маханов.
[:]