[:kz]
Мы же смотрим и говорим – вау, Каждый человек хочет в жизни – вау».
Бұл – Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың сөзі.
Еліміздегі үшінші мегаполиске әкім болып келгелі Ғабидолла Әбдірахымовтың тағы аты шықты. Оңтүстікке тән емес әрекеттерімен елдің есінде қалды ол. Еуропа көрген бала ғой, велосипед тепті, қала шенеуніктерін шайтанарбаға отырғызды. Бірер ай бәрін автобуска мінгізіп, сандалтып қойды. Сөйтіп, жүргенде өзі «Нұр Отанға» хатшы болып кетті. Еліміздегі үшінші мегаполист болған кезде қайтып келді, Шымкентке! «Қайтып келді де, халықты әйелге теңеп жіберді. Ендеше өз сөзіне қарай үйлестіріп айтайық, «Отырған қыз орнын табады, қайтқан малда қайыр бар». Бірақ шымкенттіктер «вау» дей алмайды, Ғабидолла мырза! Әр шымкенттік «вау» деуі үшін алдымен халық тау-тау проблемалардан арылуы тиіс. Сонда ғана айналаңда толған жау болмайды.
Орысша сөйлейтін қала әкімі оңтүстікте келіп, орнын тапқанмен, қиял мен пиарға әуес пе деп қалдық. Ол бірнәрсе айтқысы келеді. Жасағысы келеді. Бірақ «бұралқы сөз күлмекке жақсы» екенін біле бермейді. Қазір бүкіл әлеуметтік желі қала әкімінің қарашаның соңында айтқан «вау», сөзіне «өлә-ә!» деп жатқан сыңайлы. Әкім халықтың алдында жүргесін не дейтінін алдымен ойланып алуы керек. Ісі мен сөзі қабыспаса, оңтүстікте оның пікірі осылай мазаққа айнала береді.
Оңтүстік қаймағы бұзылмаған қазақы өңір. Сондықтан Ғабидолланың ғибрат сөзі құлаққа кіруі үшін оның өзі ең алдымен оңтүстіктің ұлттық менталитетін бойына сіңіруі керек. Қазақы мінез, қазақы болмыс болмаған жерде халық әйелге теңеледі. Әр адам әкімше айтсақ, «вау» тұрмысты іздейді. Ал мұндай жағдайды кім жасайды? Қазақы өңірде орысша сөйлейтін әкім бе?
… Ал әкім халыққа ісімен жақын болғаны дұрыс. Күлмекке жақсы бұралқы сөзімен емес.
[:]