[:kz]
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Дүкенде орыс әйел қазақ тілінде қызмет көрсетуден бас тартқан. Соның салдарынан тұтынушы мен екі арада кикілжің туындаған көіренді.
«Біз арыз жазамы,сіз бізді ұлтшыл» дедіңіз деген тұтынушыға, орыс келіншек: «Яғни, онда сіз біздің ұлтты қозғадыңыз,. Олай айтудың керегі жоқ, әйтпесе соғыс болады. Бізге соғыс қажет емес қой, ия?» — дейді әйел видеоға түсіріп тұрған жігітке.
— Қандай соғыс, Украинадағыдай ма?
— Иә.
— Украина жеңіп жатыр бірақ.
— Жоқ, біз жеңеміз. Біз көппіз ғой, деді келіншек шімірікпестен
«Қай тілде сөйлесеңіз де, ол сіздің қалауыңыз. Бірақ, жұмысыныз адамдарға қызмет көрсетумен байланысты болса, біз сіздердің қазақ тілін білгеніңізді талап етеміз» — деді қазақ жігіті.
«Мені қазақ тілінде сөйлетіп көр алдымен»-, деп ресейшіл келіншек.
Видеоны көрген көпшілік, «ҰҚК қызметінің назарына алатын адам екен», «Нағыз арандатушы, кешірім жоқ бқларға», «Осыдан кейін орысты қалай сыйлаймыз, өздеріне өздері ор қазып жүр», «мынаның сөзі осындай болса, ішінде миында не жатыр екенін ойлау қорқынышты», «Тек боқтап қана сөйлейді екен, не тәрбие», деп жазды
[:]