АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Олар соншалықты ақымақ емес»: Франция құрамасының бас бапкері қазақстандық футболшылар туралы[:]

[:kz]

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Қазақстан құрамасы Украина футболшыларымен тең ойын көрсетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 сәуірде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында Киевте Украина құрамасымен кездесті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

«Барлығына қиын. Журналистер ақымақтар командасы деп атаған Қазақстанға қараңыздар. Олар жаңа ғана Украинамен тең түсті. Олар соншалықты ақымақ емес», — деді Дидье Дешам.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда өткен бірінші матчта қазақстандықтар француздарға 0: 2 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатының іріктеу турнирінің D тобында турнир кестесінің ең соңында аяқталды.

Айта кетерлігі бұл матчта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды. Ал тақты футболшы Килиан Мбаппе алаң иелері қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кетті. Қазақстан құрамысының қақпашысы Александр Мокин соққының бағытын дұрыс болжап, допты кері қайтарды. Осылайша ол матчтың үздік ойыншысы атанды.

[:]