АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Олар заң бұзды»: Тұрғымбаев марафонда плакат ұстағандар не үшін тұтқындалғанын түсіндірді[:]

[:kz]

Үкімет кулуарында ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев Алматы марафоны кезінде «Шындықтан қаша алмайсың» деп жазылған плакат ұстаған Асия Тулесова мен Бейбарыс Толымбаевтың не үшін ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Кеше екі азамат ұсталды. Алматыда 17 мың адам қатысқан марафон болғанын білесіздер. Осы жолдың бойында екі азаматша Толымбаев пен Тулесова плакат жайып тұрды. Олар шеру, наразылық білдіру, митинг өткізу туралы заңнаманы бұзды. Оған қоса жайылған плакатқа адамдар тоқтап, видео-фото түсірді. Осылай марафонды өткізуге кедергі жасады», — деп айтты министр. 
Оның айтуынша, содан кейін олар ұсталып, сотқа жеткізілген. Сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Министр жастарда саяси ұран болмағанын атап өтіт. 
«Саяси ұран болған жоқ. Бұл жэерге сай лаудың не қатысы бар? Жоспарланған спорттық шара өтті. 17 мың адам қатысты. Сол кезде екі адам плакат жайып, спорт шарасын өткізуге кедергі келтіреді. Бұл заңды бұзу емес пе? Бұл – заң бұзушылық. Олар спорт шарасын өткізуге кедергі жасады. Осы үшін олар ұсталып, сотқа жеткізіліп, әкімшілік кодексінің 488 бабына сәйкес, әкімшілік қамауға алынды», — деп айтты ол. 
Тұрғымбаев өз сөзінде Алматы қаласындағы полиция департаменті осы оқиға жөнінде брифинг өткізіп жатқанын қоса кетті.

Stan.kz

[:]