АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Олардікі енді ұят»: Уәлибек Әбдіраймов Төреғали мен Қайрат Нұртасты сынға алды[:]

[:kz]

Танымал отандық әзілкеш мерекелік шарада бір-екі ән орындап, қомақты қаржыны қалтасына басып кететін әншілерді сынға алды. Олардың арасында Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас та бар деп жазады Youtube желісіндегі «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

«Шаншар» театрының басшысының сөзінше, қомақты қаражатқа бір ән ғана айтатын өнер иелерінінен гөрі, тойдың басынан соңына дейін жанды дауыста жүргізетін асабалар лайықты.

«Тұрсынбектің бұл әрекеті дұрыс. Қазір қалтасына ақшасы сыймай бара жатқан ақымақтар көп қой. Оның еңбегі бар. Бұл жанды дауыста сөйлейді. Содан кейін ол тойдың басынан аяғына дейін жүреді. Еңбегі бар. Ал тура осы ақшаны алған Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа көбейіп кетті ғой. Олардікі енді ұят.

Сонша ақшаға аузын жыбырлатады. Оған төлеп отырған байға да обал жоқ. Ол ақымақ, таза тұрған ақымақ. Қасына екі-үш адам ертіп жүреді өздері. Біреу оларды өлтіріп кететіндей. Сосын өлеңі бар дискетін қоюға адам таппай қалатындай, сол дискетті қоятын оператор жоқтай оның біреуін алып алады.

Одан қалса, lux-ке жатып алады. Олардікі дұрыс емес. Ал Тұрсынбекті қолдаймын. Шақырмаса бармайды, шақырса он мың доллар берсін» , — дейді Уәлибек Әбдірайымов.

Айта кетейік, бұған дейін Уәлибек Әбдірайымов Есен Елеукен мен Тұрсынбек Қабатовтың жанжалына қатысты пікір білдірген еді.

 
  

[:]