АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Оларды тірі күйінде таппайтын шығар»: Сарапшы тау басында қалған алматылық альпинистер туралы[:]

[:kz]

Қырғызстан тауларында үш алматылық альпинистті іздеу жалғасуда. Күн сайын олардың тірі қалу мүмкіндігі азая түсуде.

Бұл пікірді украиналық альпинист Сергей Храпко айтты, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше мәрте шыңды бағындырған украиналық альпинистің айтуынша, оларды тірідей табу мүмкіндігі аз.

«Осы тауда қиыншылыққа тап болған адамдар, егер олар қажеттінің бәрін — шатырлар, оттықтар, жылы киімдерден айырылса, аман қалу мүмкіндігі өте аз», — деді Храпко.

Сарапшының пікірінше, Жеңіс шыңы — ТМД елдеріндегі ең қиыны. Соңғы 50 жылда мұнда 70 адам қайтыс болды.

[:]