АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: Жол апатына себепкер бойжеткен бостандыққа шықты[:]

[:kz]

2018 жылы екі жылға бас бостандығынан айырылған Малика Мұхитова жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы өтініш берді. Нұр-Сұлтан қалалық сотының апелляциялық сатысы бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте Мұхитова жазасының көп бөлігін өтіген. Оның түрмеде 4 ай 27 күні қалған.

«Қылмыстық кодекстің 73-бабына сәйкес қылмыспен келтірілген залал толық өтелген не жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзушылықтар болмаған жағдайда, жазаның қалған өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы мүмкін. Аталған заң талаптары орындалды», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінде.

Соттың мәліметінше, сотталушы жазасын өтеу барысында өзін жақсы жағынан көрсеткен. Мекеменің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан, жұмыстан жалтармаған. 

Сонымен қатар, Мұхитова келтірілген моральдық шығынды толығымен өтеген. Жоғарыда көрсетлгендердің бәріне ескере отырып, апелляциялық соты Мухитованың бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын айыппұлмен алмастырды.

Айта кетейік, Мұхитоваға қосымша жаза тағайындалған — көлік құралын басқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылған.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 22 маусымында астанадағы Мәңгілік Ел — Керей, Жәнібек хандар даңғылы бойындағы жол-көлік апатынан мотоциклші қаза тапты. Ол Олжас Сүлейменовтің немересі 26 жастағы Ескендір болып шықты.

Ескендір Сүлейменовті қағып кеткен автокөлікті Қызылорда облысы ІІД бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың қызы Малика айдағаны анықталды. 

Тергеу барысында Малика Мұхитованың мотоциклшіге жол бермегені белгілі болды.

Елордағы Есіл ауданы №2 аудандық сотының 2018 жылғы 13 қарашадағы үкімімен Малика Мұхитова абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

[:]