[:kz]
Абай Бегейдің үлкен қызы алғаш рет Алматыға әкесінің үйіне төркіндеп келді. Ерке Ниязқұлова әкесінің екінші рет үйленгені үшін бір кездері онымен араласпай кеткен болатын, деп хабаралайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бірақ ол араға уақыт салып әкесін кешірген. Бағдарламалардың бірінде Ерке өз туған күнінде Абай Бегейге өзі хабарлама тастағанын айтқан еді. Әкесінің екінші отбасын көрмеген ол енді арнайы Алматыға төркіндеп келген.
«Өмір болғасын әр түрлі жағдайлар болады екен.
Тілеулес болған сіздерге Алла разы болсын! Отбасыларыңызға амандық, татулық, мейрімділік тілеймін!», деп жазды Абай Бегей өз Instagram-парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары Абай Бегейдің үлкен қызымен қайта араласа бастағанына қуанғандарын жеткізді. Оларға отбасында бірлік, бақыт тіледі.
[:]