АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өмір сүруге құқығы бар»: Қарағандылық тұрғын бес бөлтірікті апаннан алып кеткен[:]

[:kz]

Қарағанды облысы Қызыларай ауылының тұрғыны қасқырдың апанынан бес бөлтірікті алып кеткен. Заңсыз жолмен жабайы жануарларды алып қою фактісі 24 сәуір күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет хабарлады. Тәртіп бұзушылардың достары бөлтіріктерді видеоға түсіріп желіге жүктеген. Оны байқап қалған облыстық инспекция қызметкерлері полицейлермен бірге заң бұзушыны іздеп барған. 

Анықталғандай, Қызыларай мемлекеттік табиғи қорығының аумағындағы Ақсоран тауларындағы апаннан бес бөлтірікті (үш ұрғашы және екі еркек) үйіне алып кеткен. Осылай жабайы жануарларға қатысты заң бұзу фактісі орын алған. Ауыл тұрғыны жабайы жыртқышты нендей мақсатпен үйіне алып келгені белгісіз.

Қазіргі уақытта бес бөлтірік тәркіленіп олардың анасы тірі екені белгілі болды.
Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы РММ басшысының орынбасары Абай Әлжановтың айтуынша, барлық бөлтірік қанағаттанарлық жағдайда болып, сот шешім қабылдағанға дейін арнайы ұйымға берілді. Бәрі орнына келген соң бөлтіріктерді өз апанына қайта апарады. Алайда тұрғында ана қасқыр өз бөлтіріктерін қабылдамай қоюы мүмкін деп қауіптенуде.

«Біз желілерден көптеген фото және бейне материалдар аламыз. Онда біздің отандастарымыз жабайы жануарларға, әсіресе селфи үшін және әлеуметтік желілердегі посттар үшін қорлайды. Лайк үшін ақылсыз дүниелер жасамаңыздар! Олар табиғат санитары! Олардың да өмір сүруге құқығы бар!»,- деп табиғатты қорғауға шақырдыСәкен Ділдахмет.

Азамат Е.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Айыпталушы бөлтіріктерді заңсыз үйінде ұстағаны үшін  25 мың 250 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

 Stan.kz.

[:]