АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Өмірімді жақсы жаққа өзгертемін»: Желіде танымал болған азамат әкім болып сайланды [:]

[:kz]

Ақмола облысы Ерейментау әкіміне үміткердің сұхбат берген сәтінен видео Қазнетте мемге айналып үлгерген болатын. Сапар Барлыбаев сұхбат барысында сөзден жаңылып, тұрғындарға «өз өмірін жақсы жаққа өзгертуге» уәде берген болатын. Десе де бұл жайта оның сайлауда жеңіске жетуіне кедергі болмады. Аймақтық сайлау комиссиясы оның жеңіске жеткенін растап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ. Сапар Барлыбаев «Хабар 24» телеарнасындағы «Әкімдер» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Ниязовпен сұхбат барысында сөзінен жаңылып қалады.

«Егер бәріміз бірге дұрыс таңдау жасасақ — маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын», — деді ол. Оның сөздері желі қолданушылары назарынан тыс қалмады. Көбі бұл оқиғаға әзілмен жауап беріп, Сапар Барлыбаевты «ең адал үміткер» деп атады. Қазнетте бұл жайтқа қатысты мемдер де пайда болды.

Белгілі болғандай, 45 жастағы азамат сайлауда жеңіске жеткен екен. Бұл ақпаратты Ерейментау ауданының аймақтық сайлау комиссиясы растады.

«Иә, Сапар Барлыбаев Ерейментау әкімін сайлауда жеңіске жетті», — деді KAZ.NUR.KZ тілшісіне сайлау комиссиясы.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусым айында ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, сайлау науқанының маңыздылығына баса назар аударған еді. «Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік», – деген еді мемлекет басшысы. Тоқаев Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы ауылда тұратынына тоқталып, бұл саяси шара, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалып жатқанын жеткізді.

kaz.nur.kz

 

[:]