АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оңай әрі тез жасалатын ем[:]

[:kz]

Суықтаған кезде сауы­ғуға көмектесетін оңай бір тәсіл бар. Біле жүріңіз:

Жүннен тоқылған шұлықты тұзды ыстық суға (бур стакан суға бір ас қасық тұз) жақсылап шылап, тез арада қатты сығады да, аяққа киіп алады. Немесе сыртынан мақта-мата шұлық (сыртынан пакет кисе де болады) киеді. Мұны түнге қарай істейді, ол аяқ­қа түні бойы әсер етуі керек.

Уақтап туралған са­рымсақты әселмен тең дә­режеде араластырып, одан сағат сайын бір шай қасығын ішіп тұру керек. Ал тұ­мауратқанда оны ұйқыға жатар­да бір ас қасықтан қабылдап, артынан жылы су ішу керек. Сондай-ақ жаңа сығыл­ған сәбіз шырынын өсімдік майына тең дәрежеде қосып, үстінен бірнеше там­шы сарымсақ сөлін қо­сып араластырады да, мұрынға күніне бірнеше мәртеден тамызып тұрады.

Жасап көріңіз, зияны жоқ.

zamana.kz

 

[:]