АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ондайларды ұстап, мәжбүрлі түрде емдеу керек»: Алматы облысында белгісіз біреулер иттерді ағашқа асып кеткен[:]

[:kz]

Алматы облысының Жетіген ауылындағы белгісіз біреулер көшеде қаңғыбас иттерді аулап, асқан қатігездікпен ұрып-соққан. Ал өлекселерін жол бойындағы ағаштарға асып кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK-ға сілтеме жасап.

Ауыл шетінегі баққа таңсәріде серуендеуге шыққан жұрт сұмдық көрініске тап болған. Әлдебіреулер бірнеше итті бауыздап, ал өлекселерін ағаштарға асып кетіпті.  

 

Жануарлардың қиналып өлгенін өлекселерінен байқауға болады. Бірінде ұрып-соққан іздер, енді біреуінің басын бұрап тастаған. Қатігездікпен өлтірілген иттерді бірінші болып балалар көріп, ата-анасына хабарлаған. Тұрғындар иттерді бір емес, бірнеше адамның жабылып өлтіргеніне сенімді. Ал жауыздар алыстан келмеген дейді. Себебі, ауылдардың барлығы карантинге жабылған. Жануарларды қорғаушылар да иттерді сыммен асып кеткендердің сазайын беру қажет деп отыр.

 «Иттерді өлтіргендерді тауып, жазаға тартуды талап етеміз. Себебі, жануарды сонша қинағандарына қарағанда, психикалық денсаулығы дұрыс емес адамдар. Онлайларды ұстап, мәжбүрлі түрде емдеу керек. Кері жағдайда, адамдарға да зиян тигізуі мүмкін», — дейді Наталья Сульжик, жануарларды қорғаушы топтың еріктісі.

 Жануарларға жәбір көрсеткендерге заңда қылмыстық жаза қарастырылған. Бірақ жануарларды қорғаушылардың айтуынша, осы күнге дейін бірде-бір адам ондай жазаға тартылмапты. Көбінесе айыппұлмен құтылып кетеді. Мәселен, түнделетіп көшеде жүріп-тұруға тыйым салынған карантиннің өзінде осындай 10-нан астам оқиға тіркелген. Бірінде иттің тірідей терісін сыпырып алса, енді бірінде күрекпен ұрып өлтірген. Тіпті иттердің тек басы мен аяғы ғана табылған жағдайлар кездесіпті. Бірақ бұл жолы қаніпезерлер жазасын алатын секілді.

 «Қазір қылмыс жасалған орында полиция қызметкерлері арнайы топпен жедел-тергеу жұмыстарын жүргізуде. Кінәлі тұлғалар анықталатын болады. Кінәлі тұлғалар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алматы қаласында да дәл осындай жағдай болған. Тұрғындардың бірі бала-шағасының көзінше итін темір арқанға асып қойған. Қиналып өлген иттің кадрлері әлеуметтік желіге тарап, жұрттың ашу-ызасын тудырған еді», —  Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық ПД ресми өкілі.

Жануарларды қорғаушылар иттерді жауыздықпен өлтіргендерді тауып, жазаға тартуды талап етіп отыр. 

[:]