АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Өнер қырандарының» актері той серуенінде КамАЗ-бен соқтығысқан — «Адам шығыны болды» [:]

[:kz]

Танымал әзілкеш, актер Жанболат Найзабеков той күні қандай апатқа түскен? «Өнер қырандары» театрының актеры Жанболат Найзабеков өз тойындағы күндізігі серуенде көлік апатына тап болған. Жас жұбайлар отырған көлік КамАЗ-бен соқтығысып, жарамсыз күйге түскен.

Ол, бұл туралы Хабар арнасындағы «Ережесіз әңгіме» бағдарламасында берген сұхбатында айтты. Адам шығынына алып келген көлік апаты әртістің тойы күні болған. Жазмыштан болған оқиғаны Жанболат еске түсіргісі де келмейді екен. «Той серуенінен келе жатқанбыз.

Камазға кіріп кеттік. Жазмыш қой бұл. Алланың берген сынағы деп ойлаймын. Біздер келе жатқан кезде қарама-қарсы КамАЗ келе жатыр екен. Ол көліктің артынан тағы бір камаз авгонға шықты. Мен жәйлат дедім. Негізі жәй жүріп келе жатқан, жүзбен.

Камазда жүк бар екен, картошка. Сол прицепі аударылып бізге қарай келгенде, біз содан қашамыз деп. Машина жарамай қалды енді. Бәріміз аман қалмадық. Адам шығыны болды», — деп өкінішпен еске алды Жанболат Найзабеков. Соныман қатар, сұхбат барысында Жанболат өзінің әлеуметтік желі арқылы табатын табысымен де бөлісті. Инстаграм желісі арқылы жарнамадан түскен қаражатынан, баспанасының жарты бөлігін тұғызып алған көрінеді. Әр жарнаманың күрделілігіне қарай, бағасы да шарықтай беретінін айтты. «Жарнаманың бағасы әр түрлі. 200-300 мың.

Күрделілігіне қарай ақысы да көбірек болады. Тек қана өз көзіммен көрген заттарды ғана жарнамалаймын. Желілік маркетингтерді жарнамаламауым мүмкін. Астыңа адам жина, тағы бірдеңе дегендерді бірден блокка жіберемін. Инстаграм арқылы киінемін, балаларымды да киіндіретін кез болады.

Әйелім өзі таңдап алады. Керек десеңіз, мен үйімнің тең жартысын осы инстаргамдағы жарнама арқылы салдым», — деді актер. 

ERNUR.KZ 

 

[:]