[:kz]
Қоғамдық орында тамақтану кезінде адамдар еріксіз маскаларын шешеді. Ал ол вирус жұқтыру қаупін арттырады.
Пандемия кезінде сұраныс ең жоғары тауарлардың бірі – маска. Сол себепті уақыт өте келе оның түр-түрі ойлап табылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұған дейін үндістандық дизайнерлер асыл тастармен безендірілген қымбат бетперделерді паш еткен. Ал, енді мексикалық өнертапқыштар тамақ ішкен кезде тағып отыруға болатын масканы ойлап тапқан.Қорғаныш құралы мұрынға ғана тағылады. Мамандар ол қоғамдық орында коронавирус жұқтыру қаупін төмендетенін айтады.
«Қоғамдық орында тамақтану кезінде адамдар еріксіз маскаларын шешеді. Ал ол вирус жұқтыру қаупін арттырады. Бұл ретте мұрынға тағатын маскалардың көп пайдасы тиюі мүмкін», — деді иммунолог Густаво Акоста.
Skifnews.kz ақпарат порталы.
[:]