АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оңтүстіктен әкелген: Мамандар қазақстандықтарды қарбыздағы нитраттар туралы ескертті[:]

[:kz]

 

Ақтөбе базарларына оңтүстіктен келетін қарбыздардың құрамынан нитраттың шамадан көп мөлшері табылды. Қалаға жеткізілген жемістің алғашқы партиясына экспресс тестілеу жүргізген мамандар, нитрат мөлшері қалыпты нормадан үш есеге дейін артқанын анықтаған. Сөздерінше бұл адам денсаулығына өте қауіпті. Мұндай концентраттағы қарбыздан ішек аурулары асқынып, тіпті улану қаупі бар екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Әдетте қарбыз бен қауын құрамында нитраттың қалыпты мөлшері бір келісіне алпыс миллиграмм болуы керек. Алайда Ақтөбе базарларына оңтүстік өңірден әкелінген қарбыздардың құрамы бұл көрсеткіштен әлдеқайда асып кеткен. Сондықтан қаладағы коммуналды базарда жемістің бұл түрін сатуға әзірге рұқсат жоқ.

 

“Біздерде жазғы павильондар бар. Бірақ бізде әлі рұқсат жоқ қарбыз сатуға. Себегі біріншісін көрдік,  анализ өткізіп. Нитрат өте жоғары болды”, – деді «Табыс» коммуналды базарының өкілі Асқар Қойлыбаев.

Қып қызыл қарбызға қарап, оның дәмін татпау мүмкін емес. Бірақ бір қызығы оңтүстіктен келетін осы қарбыздан нитраттың көп мөлшерін тапса, бұл базардағы мамандар оны жоққа шығарады. 

Базардағы саудагерлер ерте піскен қарбыздың сатылуы тез деп отыр. Сөздерінше, олар күніне тонналап сауда жасайды. 

“Қарбыз Шардарадан келіп жатыр. Бүгін келді, мінекей. Анализдері жақсы шықты. Жеуге болады әрине. Жақсы болғаннан өтіп тұр. Келгені бір “Газел”. Үш тоннадай. Содан қалғаны мынау ғой, енді”, – деді саудагер Әтіргүл Ақабаева.

Мамандар ең жылдам пісетін қарбыз сұрыптарының өзі тек шілде айының соңында жеуге жарамды болатынын айтады. Ал нитратсыз өсуі қиын қарбызды ерте пісіру үшін шаруалар түрлі қоспаларды пайдалануға мәжбүр екен. Сондықтан тәтті жемісті шілде-тамыз айларында тұтынған жөн.

[:]