[:kz]
Оралда белгісіз адам қаладағы нотариустардың бірінде әйел адамды кепілге алды. Қазір полиция ер адаммен келіссөз жүргізуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Оқиға орнынан фото: mgorod.kz Оқиға орнынан фото: mgorod.kz](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/fdf34929c03adf7d.jpeg?imwidth=900)
Оқиға орнынан фото: mgorod.kz
Полиция департаментінің хабарламасында оқиғаның Жәңгір хан көшесі, 13 мекен-жайы бойынша болғаны айтылған.
Алдын-ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған ер адам әйелдің күйеуі. Болжам бойынша, кепілге алу кезінде жапа шегуші кеңседе болған.
![Фото: instagram.com/policebqo Фото: instagram.com/policebqo](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/55bd9fe7c304de3a.jpg?imwidth=900)
Фото: instagram.com/policebqo
Сондай-ақ, ер адам қаруланған болуы мүмкін. Оның қолынан гранатаға ұқсас зат байқалған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кепілге алушымен келіссөздер жүргізуде.
Төтенше жағдай орнына тек патрульдік полиция ғана емес, атты взвод қызметкерлері де келген. Сондай-ақ, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен медицина қызметкерлері де бар.
![Фото: instagram.com/policebqo Фото: instagram.com/policebqo](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/e1389eb1444fea21.jpg?imwidth=900)
Фото: instagram.com/policebqo
Қазіргі уақытта нотариус аумағы қоршалған. Тұрғындар эвакуацияланды. Алайда адамдар бұған қарамастан көптеп жиналуда.
Оқиға орнында өңірдегі полиция департаментінің басшысы Серік Сүйінбаев та бар.
Күдіктінің кім екені анықталды. Белгілі болғандай, жұптар арасында ажырасу процесі жүріп жатыр.
[:]