[:kz]
19 қаңтар күні – бүкіл Қазақстан бойынша Шоқындыру мерекесі тойланды. Әдетте, мұсылман қауым көп бара бермейтін «ойық маңына» Орал қаласындағы 19 қаңтар күні – бүкіл Қазақстан бойынша Шоқындыру мерекесі тойланды. Әдетте, мұсылман қауым көп бара бермейтін «ойық маңына» Орал қаласындағы «Уральская неделя» газетінің тілшісі арнайы барып, соңғы жылдары бұл жақта мұсылмандардың да көптеп жүруінің себебін сұрастырыпты.
«Біз Ескі Собор маңындағы шоқыну шомылуында болып, тұрғындарымыздың рухының батылдығына куә болдық. Тіпті, мұсылмандар да өздерінің шешімталдығымен, батылдығымен көзге түсті, — жазады «Уральская неделя» басылымының тілшісі Маргарита Зябчук.
Жалпы, ойықтағы суға сүңгитіндерді әр жақта әртүрлі атайды. Мәселен, Ресейде «морждар» десе, Солтүстік Америкада – ақ аюлар, Финляндияда – тюлендер деп атайды екен. О баста діни рәсім ретінде басталған осы бір салт, соңғы кездері діни наным-сенімге қарамастан, жалпыхалықтық сипатта көрініп жүр. Материал авторының айтуынша, суға шомылушыларды біріктірген – денсаулықты күшейтуге деген күшті ниет. Бұл сәтте барлық шомылушылар өте сергек, көңілді күйде болады.
Шоқыну мерекесінде славян тектестердің суға түсетіні көз үйренген жағдай ғой. Ал, мақала авторын қызықтырғаны – қазақтардың шомылуға көптеп келуі болса керек. Тек қазақтармен сөйлесіп, солардың көзқарасына қызығушылық танытыпты. Әрине, бұл жерде ешкімнің діни наным-сенімі туралы сөз болмайды.
45 жастағы Жарас атты азамат:
— 8 жылдан бері түсем. Қазір өзімді жақсы сезінем. Жыл сайын түсем. Бүгін міне алғаш рет баламды алып келдім, көрсін. Қазір екінші сыныпта оқып жүр, өскен соң суға түсуді бастауына болады, — дейді.
Сұхбат берушілердің барлығы суға тек денсаулық үшін түседі. Және барлығы бірнеше жылдан бері түсіп жүргендер. Ауырмайтындарын, соңғы жылдары тіпті денсаулығының нығайғанын айтады.
— 16 жыл болды шомылам. Терімді көрдіңіз бе міне! Өмірі «больничный» алып көрмеппін. 2003 жылы аяғым ауырған, төбемнен төмен мұздай су құя бастадым. Жыл сайын шомылам, қарға да аунап алам, — дейді 62-дегі Эльмира ханым.
Тәжірибесі бірнеше жылға барып тірелетін шомылушылар ауру, аурухана дегенді ұмытқандарын мақтанышпен айтады. Олардың сөзінше, тек Шоқыну мерекесі кезінде ғана емес, былайғы уақытта да мұздай суға шомылып тұрған дұрыс. Көбінің сөзі – «бұрын ауырғам, ауруханадан шықпайтынмын, сосын шомылуды бастадым, қазір міне, тіпті, суықты сезбеймін» дегенге саяды. Тіпті, алғаш рет ойыққа түскеннен кейін-ақ ауру атаулы қолмен сылып тастағандай жоғалып кеткені жайлы айтатындарды көптеп ұшырастыруға болады.
Алғаш рет келген қазақтар да жоқ емес. Олар да спортқа жақын адамдар, денсаулығын сақтау һәм нығайту үшін келіпті. Суға түсушілердің арасында балалар да жүр. Олар да ойыққа сүңгіп шығыпты.
— Алғаш рет шомылдым. Суық, денемнің бәрі жыбырлап тұр, — дейді 13 жастағы Аслан.
Автордың айтуынша, бұл баланы әкесі арнайы алып келген. Бала эктримді жақсы көреді екен. Демек, Шоқынудың шомылу дәстүрін тек денсаулық нығайту үшін ғана емес, кәдімгі эктремалды қызыққа балайтындар да бар деген сөз.
zhasalash.kz
Фото: uralskweek.kz
[:]