АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Оралда ұлттық алауыздықты қоздырды деп айыпталған азамат үйін сатып, Ресейге қашып кеткен

Оралда сепаратизм және ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша айыпталған азамат Максим Яковченко сотқа келмей қойған. Қазіргі таңда оның қайда жүргені белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.

11 қазанда сотқа келмеген азаматты судья мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарған. Алайда Яковченко психикалық денсаулық орталығында ем қабылдамаған болып шыққан. 14 қазанда ер азамат сотқа қайта келмеген. Полиция қызметкерлері де оны тұрғылықты жерінен таба алмаған. Ол бірнеше апта бұрын үйді сатып кетіп қалған. Яковченконың қайда екенін де анықтау мүмкін болмады.

“ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаментінің хабарламасынан белгілі болғандай, Максим Яковченко 21 қыркүйек күні сағат 13:57-де «Сырым» бақылау-өткізу бекеті арқылы Орал – Самара бағыты бойынша мемлекеттік шекараны кесіп өткен” – ,  деп судья Найля Жүнісова оқып берді.

Прокурор Сырдаш Зихруллаев соттан Максим Яковченкоға іздеу жариялауды және оған қатысты бұлтартпау шарасын «қамауға алу» түріне өзгертуді сұрады. Өз кезегінде судья барлық жайттарды ескере отырып оның өтінішін қанағаттандырды.

Қылмыстық іс те тоқтатылып, прокурорға қайтарылды. Судьяның шешімін орындау үшін полицияға жүктелді.

[:]