АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Оразкүл Асанғазы келінін қолында ұстамай, бөлек шығаратын енелерді сынады (видео) [:]

[:kz]

 

Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы Таразда өткен «Анаға тағзым» республикалық аналар форумында отбасы құндылығы жөнінде ақтарыла сөйледі. Қоғам қайраткері жастардың ажырасуын тоқтатуға қатысты өз ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оразкүл Асанғазы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың ұйымдастыруымен Таразда өткен республикалық аналар форумына қатысты. Жиында сөз алған ол қазіргі қоғамдағы жастардың ажырасуының басты себебін атады. «Менің қалай айтсам да хақым бар. 20 жылдан аса екі енеге келін болдым. Құдайға мың қайтара шүкір, қалада тұрсам да, келінім қолымда. Келіндерін қолында ұстамайтын енелер «өзіміз үшін ұят қой, шортымен жүреміз» деп, келінін бір жыл қолына ұстамай өзінің әулетінің, шаңырағының салтын, дәстүрін үйретпей, «өзің біл» деп жеке шығарып жібереді. Өзің біл дегенде жастар «мінезімізбен сыйыспадық» деп ажырасып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ОРАЗКҮЛ АСАНҒАЗЫ (@orazkul_asangazy)

Осыны тоқтату үшін айтары бар психологтарға келіндерді тәрбиелету керек», — деді Оразкүл Асанғазы. Қоғам қайраткері қазіргі қоғамда қазақтың бойына біткен асыл қасиеттері алшақтап бара жатқанын тілге тиек етті. «Сол алшақтықтың орнын толтыруға аналар үлкен үлес қосады. Тәлім-тәрбие ананың ақ сүтімен, бесік жырымен баланың бойына дариды», — деді Оразкүл Асанғазы.

Айта кетейік, республикалық аналар форумына ақын Ақұштап Бақтыгереева, тіл жанашыры Асылы Осман, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі Назипа Шанаи, Түркия елінен арнайы келген Бурса аймағындағы ауыл әйелдері қауымдастығының төрайымы Сермин Чакалыоглу, белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінің ректоры Гүлмира Қанай және тағы басқа белсенді әйелдер қауымы қатысты.

kaz.nur.kz

 

[:]