АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Оразымбетова жолдасымен киелі Түркістанға барып, бабаларға тағзым жасағанын айтты [:]

[:kz]

Әнші Гүлнұр Оразымбетова желіде отбасылық демалысы қалай өткенін көрсетті. Эстрада жұлдызы күйеуімен бірге киелі Түркістанға барып, қасиетті жерлерді аралап шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлнұр Оразымбетова киелі мекенге аттанғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Ол Түркістандағы демалысы кезінен суреттер жариялап, көпшілікке бөлісті. Әнші күйеуімен бірге қасиетті жерлерге бабалардың басына барып, тағзым жасаған. Өнер иесі бұл отбасылық сапары өте жақсы өткенін алға тартты. Сөзінше, жанұясы көптеген мағлұмат алып, рухани байып келген. 

«Отбасымызбен шырайлы Шымға, қасиетті Түркістан өңіріне барып келдік. Түркістан адам танымастай өзгерген. Еліміздің өркендеп, дамып жатқаны көңіл қуантады. Бабалардың басына барып тағзым жасадық, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінде болып, балаларға тайқазанның тарихын айтып бердік. Секенің нақты күн тәртібімен жүрдік. Сырым мен Нұранбек риза. Рухани байып келген сапар болды. Шүкір. Аман болайық», — деп жазды әртіс. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Гүлнұр Оразымбетова (@gulnurorazymbetova)

[:]