[:kz]
Жанар Хамитова 11 жылдан кейін өнерге қайта оралған шағында өзін қамқорлығына алған продюсер әрі әнші Сиви Махмудимен жұмысын тоқтататынын мәлімдеді. Ол өзіне пана беріп, жан құрбысындай болып кеткен шоу-бизнес жұлдызымен жолы не себепті екіге айырылғанын ашып айтты деп жазады «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
«Арнау» дуэтінің бұрынғы әншісі жұмысты тоқтату ортақ шешім болғанын жеткізді. Алайда, достық қарым-қатынастың арқасындағы келісімге сай, Хамитова продюсерінің қол астынан қыркүйек айында бір-ақ шығады.
Ол Сиви Махмудимен уәделескен барлық концерттердегі жұмыстарын толық атқарып кететінін айтты.
«Екеуміз бір ортақ шешімге келдік. Күзге шейін, қыркүйекке дейін бірге жұмыс істейміз деп шештік. Ол рас. Халықты алдап керек жоқ. Сиви ханым да, мен де шынайы адамбыз. Біздің жоспарымызда Сивидің жоспарлаған концерті. Барлық концерттерді атқарып кетемін.
Енді қиын ғой. Күнде күйеуіммен айырылысып жатқан жоқпын. Күйзелісім бар. Сивимен біз шынайы доспыз. Мен өз-өзіме кішкене күш-қуат жинауым керек. Бізде тіпті, келісімшарт болған жоқ. Біз екеуміз үнемі ертеңді болжамай-ақ қояйық деп айтатынбыз. Бұл шешімді бірге қабылдадық. Өйткені, менің әлі сахнадан қорқынышым, фобиям бар. Мүмкін, 11 жыл болмағаннан кейін шығар» , — деді Хамитова.
[:]