АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Өртейміз деген шешім бұрыннан болған»: Алматыдағы алып тиін бұзылады[:]

[:kz]

«Алматыда Атакенттегі алып тиін бұзылады» деп хабарлайды қалалық Мәдениет басқармасының басшысы Эрнар Құрмашев.

Басқарма басшысының түсіндіруінше, тиінді өртейміз деген шешім бұрыннан болған. Бірақ өртелмеді. Енді аудан әкіміне арт нысанды бұзу туралы тапсырма беріліпті, деп хабарлайды SkifNews ақпараттық порталы «Egemen Qazaqstan» басылымына сілтеме жасап.

«Жалпы жартылай қираған, эстетикалық түрін жоғалтқан барлық шағын архитектуралық пішіндер бұзылады. Бұл қала әкімінің тікелей тапсырмасы. Жақында көптеген арт нысанның, кіші архитектуралық пішіндердің аудиті жасалды. Қаланың келбетіне нұқсан келтіретін нысандар суретке түсірілді», — деді Эрнар Құрмашев.

Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, алдағы уақытта қаладағы әрбір арт нысанды орнатарда көркемдік кеңес шақырылатын болады.

Дәл осыған ұқсас алып тиін 60-70 жылдары Францияда қойылған.

«Оның плагиат нұсқасын Алматыда қою не үшін қажет болды? Бізде өзіндік ойы бар, дүниежүзі мойындаған керемет мүсінші, суретшілер бар. 9 ай мерзімге қойылған уақытша мүсіннің орнына сол ақшаға қоладан соғылған, даналарымызға арналған екі ескерткішті қоюға болатын еді» деген пікір сарапшылар тарапынан жиі айтылған.

Олардың пайымдауынша, кейбіреулердің плагиат нұсқасы Қазақстанды дүниежүзіне танытамыз деу саяси сауатсыздық, ештеңеден ұтылған жоқпыз деуі – қателік. Тарихта өзіндік орны бар, ұлттың бет-бейнесін көрсететін мүсін емес, мағынасыз көшірмелерді қою ұлттың өз образының жоқтығын көрсетеді.

 SkifNews 

[:]