АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Орыс емес»: Анна Данченко сүйіктісіне қатысты құпияның бетін ашты[:]

[:kz]

 

Танымал тележүргізуші Анна Данченко сүйгені бар екенін ашып айтты. Ел алдында жүрген сұлу биылғы жылы сүйіктісімен отбасы құруды жоспарлап жүргендерін де жасырмады деп жазады «Сырласу» басылымы.

Анна Данченконың айтуынша, оның сүйіктісі өз ұлтынан емес.«Кейде өзімнің орыс қызы екенімді ұмытып кетемін. Өйткені қазақ ауылында туып, қазақы тәрбиені көріп өстім. Университетті қазақша бітіріп, қазақтармен жақын араластым. Шоу-бизнесте жүріп, көптеген тойларда болдым. Қазір де араласатын ортам 99% пайыз қазақтар. Қазақ ұлтындағы бала тәрбиесі, үлкенді құрметтеу сынды әдептері және салт-дәстүр, әдет-ғұрпы жаныма жақын.

Сондықтан болар маған орыс ұлтының кей адамдарымен тіл табысу қиын. Орыс жігіттері де көңілімнен шыға бермейді. Ата-анам «Әркім өз ұлтына тиіп, қызды өз ұлтынан алу керек» деп режитін. Бірақ олар мені түсінді. Себебі болмысым ол адамдармен мүлде сәйкес келмейді. Бір ғана айтарым, жігітім бар. Бірақ орыс емес. Ал, отбасылы болу — әуелі бір Алланың қолында. Десе де, осы жылға деп жоспарлап отырған жайымыз бар», — деп тележүргізуші құпиясымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Анна Данченко мен отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожаның қарым-қатынасы көпшілікті қызықтырып қойған болатын.

[:]