[:kz]
Адам жетіскеннен патриот болмайды екен. Жетіспеген соң патриот болады екен. Алдыма келген қырт орысқа: «Можно я на государственном языке» деп бастадым да, қазақшаны жібердім. Түсінбеген жерлерін амал жоқ орысшалауға тура келді. Амал жоқ дегеннен түсінген шығарсыздар, қотыр орысшамды айдадым кеп «қайдан шықсаң, одан шық» деп. Бірге істейтін қызметтестерім күлкілерін зорға тежеп отырғанын сездім. Бетонбетіме рақмет, еш жері қызарған да жоқ, бүлк еткен де жоқ. Орыс тілін білмегенім үшін ұялмаймын, себебі, ол менің ана тілім емес. Ал, бабамның тілін білмегенім үшін айыптымын енді! Оны мойындаймын!
Ержан Тәліп
Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz
[:]