АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Орысқа толы Өскеменде Лениннің көшесі де, ескерткіші де жоқ, ал Семейде екеуі де бар.[:]

[:kz]

 

Семей сонымен бірге қарама-қайшылықты қала…
Ерлан бауырым Сайыров өз парақшасында жазыпты: «Мен бір құбылысты байқадым. Адамдардың əлеуметтік психологиясы, іс-əрекет əдісі, тұрған жердің өнеркəсіптік ландшафтына кері байланысты. Мысалы, Өскеменде өнеркəсіп орындары баршылық. Өте көп. 
Мен өзім Өскеменнің жігітімін. Сол қалада, адамдардың басым көпшілігі өнеркəсіп орындарында еңбек жəне қызмет етеді. Əлеуметтік мобильдік төмендеу. Ал Семейде, керісінше, өнеркəсіп орындары жоқ. Бұл қалада елдің барлығы бизнес, қызмет ету саласында еңбек етеді. Мобильдік деңгейі өте жоғары. Семейдің өзінде, азаматтар жаңа идея, жаңа белестерді іздеуге бейім. Табиғи ландшафты, əлеуметтік психологияға əсері, кешенді ғылыми зерттеуге салмақ бола алады екен…».
Ерланның пікіріне толық қосылам.
Ал Семей неге парадоксқа толы қала дейсіз ғой?
Мынау суретке қараңыз: мен Абай көшесінде тұрмын. Ұлы Абай! 
Ал осы Абаймен қиылысатын қай көше? 
Семейліктер үшін Ұлы… Ленин!
Иә, дәл солай: орысқа толы Өскеменде Лениннің көшесі де, ескерткіші де жоқ, ал Семейде екеуі де бар.
Алашорда өкіметінің астанасы болған Семей үшін парадокс па? Әлбетте!
Мен осы қайшылықты жағдайдың мән-жайын тілдерді дамыту облыстық басқармасының бастығы Айдын бауырымнан сұрадым.
Сөйтсем, Семейдегі осы Ленин көшесін Әлихан Бөкейханның атына ауыстыру жөнінде бірнеше ұсыныс айтылған екен. Бірақ заң бойынша бастамашы болуы тиіс Семей қалалық мәслихатының депутаттары жақ-жаққа тартып, мәселені шеше алмай жүргендеріне 5-6 жыл болыпты. Есіңізге салайын: депутаттардың 95 пайызы қазақтар. Қалалық әкімшілік аппараратының 90 пайызы да қазақтар. 
Міне, осы қалың қазақтың ортасында Ленин де міз бақпай тұр. А во дворе – 27-летие Независимости Казахстана!
Парадокс па?
Пергенский парадокс!

Ермұрат Бәпи

qazaquni.kz

[:]