[:kz]
|
«Central Asia Monitor» газетінде Толеген Сериков деген автордың «Если казахи утеряют свое исконное двуязычие, то их ждет деградация» деп аталатын мақаласы шығыпты.
Сериковтың ойынша, қазақтарға орыс тілінсіз күн жоқ.
«Қазақ тілінің өзі қазақтардан басқа ешкімді қызықтырмайды. Оған себеп көп. Бірақ ең бастысы, онда өзге тілді азаматтарды мәдениет және технологиялық білім тұрғысынан өзіне тартатындай мүмкіндік жоқ» дейді автор.
Сондай-ақ, ол қазақылықты білімсіздікпен теңестірген.
«Соңғы кездері қоғамда білім деңгейі төмендеген. Әлде тым қазақы болып кетті ме? Бәлкім, бұл екеуі бір нәрсе шығар?» дейді Сериков.
[:]