АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ошта Жээнбековтің жақтастары орталық алаңға жиналды (фото)[:]

[:kz]

 

Президент Сооронбай Жээнбековтің жақтастары Қырғызстанның Ош қаласындағы орталық алаңға жиналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының інісі, Жогорку Кенеш депутаты Асылбек Жээнбеков жиналғандардың алдында сөз сөйледі. «Бүкіл халық болып сайлаған президентіміз, парламентіміз бар, заңдылықты қалпына келтіру қажет», – деді Жээнбеков. Ол мәлімдемесінен кейін журналистерге сұхбат беріп, митингті ұйымдастырмағанын, жиналғандардың сұрауы бойынша сөз сөйлегенін жеткізді.

Сондай-ақ Асылбек Жээнбеков халықты бірлікке шақырды. Оның мәлімдемесінен кейін жиналғандардың арасында елдегі парламент сайлауының әділетсіз өткенін айтып, ұрандатқандар болды. Алдын ала деректерге сәйкес, орталық алаңда 500-ге жуық адам жиналған.

Фото: Зульфия Тургунова

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Сооронбай Жээнбековтің елдегі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ бұдан бұрын парламент сайлауының нәтижелеріне наразы болған халықтың Ақ үйге басып кіргенін хабарлағанбыз. 

Одан бөлек, сайлау нәтижелерімен келіспеген наразы жұрт Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қақпасын бұзып кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алған.

Бұған қол жеткізу Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен келіссөз жүргізгеннен кейін мүмкін болған. 

[:]