[:kz]
Таяуда өскемендік мұғалім мұғалімдердің бүгінгі ахуалы мен мәртебесі туралы айтып, бірқатар мәселелерді көтеріп, жанайқайын жеткізген еді. Оның хаты желіде бірден тарап, көпшіліктің назарына ілінді. Өз кезегінде Өскемен әкімі Жақсылық Омар мұғаліммен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Шаһар басшысының сөзінше, ол Оксана Александроваға жұмыс ұсынған.
«Кеше №39 мектептің мұғалімі Оксана Александровамен кездестім. Ол «Педагогтардың мәртебесі туралы» дайындалып жатқан Заңға қатысты өз ұсыныстарын жазып, ашық хат жолдаған еді.
Хатта заң жобасын дайындау барысында пысықтауды талап ететін проблемалық мәселелер көтерілген. Алдымен Оксана Васильевнаға ұсыныстары үшін алғыс білдіріп, ол облыс орталығындағы білім беру жүйесінің жетілдірілуіне өз үлесін қосу үшін, оны қалалық білім бөліміне жұмысқа шақырдым», – деп жазды Жақсылық Омар.
Еске сала кетсек, Оксана Александрова ашық хат жолдап, онда

Еске сала кетсек, Оксана Александрова ашық хат жолдап, онда мұғалімдердің жанына батқан мәселелерін көтерген еді.
Stan.kz
[:]