[:kz]
Өскеменде бала күтушісі бүлдіршіндерді аяусыз сабаған. Таяқ жеген екі жасар ұлдың анасы балабақша қызметкерінің әрекеті камераға түсіп қалғанын айтады деп мәлімдейдіЕуразия бірінші арнасы.
«Баланы лақтыра салды! Тып-тыныш отырған баланы! и спокойно кетіп қалды!».
Жаға ұстатарлық видеоны көру Айяға оңайға соқпады. Тіпті, «бала күтушінің жалғыз ұлын емес, бірнеше баланы бірінен соң бірін сабағанын көргенде, өзімді әрең ұстадым» дейді. Видеода ол бір сәбиді жерге лақтырса, екіншісін ойыншықпен ұрып жатқанын байқауға болады
«Ұйықтар алдында ұлымды шомылдырып жатып, оның денесінде жарақаттарды байқадым. Баламнан не болды деп сұрадым. Ол маған «апай» деп жауап қайтарды. Балабақшаға барып, видеоны талап еттім. Әрине, барлық видеоны қолыма түсіру оңай болмады. Әрең дегенде алдым» – дейді қала тұрғыны Айя.
Перзентіне алаңдаған ана мекеме меңгерушісінің жауабына ашынады. Айтуынша, олар бала күтушісін жауапқа тартудың орнына, ешқандай шара қолданбапты. Керісінше «бізде әзір дұрыс маман жоқ, сондықтан да оны жұмыстан шығара алмаймыз» деп жауап қайтарған.
«Мен оны жұмыстан босататынына сенімді болдым. Алайда, біз бірнеше адамды бұған дейін жұмыстан шығардық. Қазір жаңа кадр іздеп табу қиын, оларды үйрету де оңай емес. Кешіріңіз, біз онымен сөйлестік. Бірақ оны жұмыста қалдырамыз деп әңгімесін қайырды. Мен ұлымды алып кеттім, ал балабақшада қалған балаларға обал» – дейді қала тұрғыны Айя.
Балабақшада балалардың жәбір көргенін естіген өзге ата-аналар да прокуратура мен полицияға шағымданыпты. Тіпті, білім депаратментіне хат жазып, арнайы комиссия құруын талап еткен. Ал білім ошағындағы бассыздық жайлы білім басқармасы хабардар. Айтуларынша, балабақша қызметкері жұмыстан босатылыпты.
«Балабақша меңгерушісімен тілдестік. Өзіміздің қызметтік тексеріс жұмыстарын жүргіздік. Бала күтішісін арнайы баппен жұмыстан шығардық. Яғни ол алдағы уақытта мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ете алмайды» – дейді қалалық білім департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Журавлев.
sn.kz
[:]