АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Осы ақшаны сондай күттім»:Ақтөбеде 8 балалы ана жалақысы 500 теңгеге асқандықтан көмек ақшадан қағылды[:]

[:kz]

Ақтөбеде ата-ана өзінің 6 баласын мектепке қалай жіберерін білмей отыр. Айтолқын Орынбасарова отбасының атаулы әлеуметтік көмек алмайтынын жуырда ғана білген. Төлем түспеген соң, ол мамандар көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап. 

балалар

Ерлі-зайыптының 8 баласы бар: үлкені – 15 жаста, ал кенжесі әлі бір жасқа да толып үлгермеген. 

«Маған тамыз айында көмек ақша алмайтынымды айтты. Қыркүйекте де дәл осылай болмақ. Қазан айында атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құжаттарды қайта өткізуіме тура келеді. Бұл ақшаны сондай күттім. Балаларды мектепке киіндіремін деп ойладым. Менің 6 балам мектепке дайын емес. Мен енді не істерімді білмеймін», — дейді Айтолқын Орынбасарова. 

Көпбалалы ана бұл айда АӘК-ті күйеуінің демалыс үшін берілетін ақшасына бола ала алмағанын айтады. Күйеуінің бір айда екі жалақы алғаны туралы ақпарат шыққан. Мұндағы артық ақша 500 теңгені құраған. 

«Мен сәуір, мамыр, маусым және шілде айларында көмек ақшаны алдым», — деп отыр әйел. 

Сондай-ақ, аталған басылым отағасының жалақысы 100 мың теңгені құрайтынын жазды.

[:]